Accessibility links

Ердоған: Түркия сыртқы істер министрі Сирияға барады


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, елдің сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглы сейсенбі күні Сирияға барады.

Ердоғанның сөзіне қарағанда, Түркия сыртқы істер министрлі Сириядағы үкіметтің демократияшыл шерушілерді күшпен басып жатқанына Анкараның қарсылығын танытып келеді.

"Анадолы" ақпарат агенттігіне берген сұқбатында, премьер-министр Ердоған Түркия шекаралас тарихи және мәдени байланыстары жақын елдегі қазіргі жағдайға бейжай қарап отыра алмайды деді.

Дамаскімен қарым-қатынасы жақсы болған Анкара Сирия президенті Башар әл-Ассадты елдегі шерулерді тоқтату үшін реформалар жасауға шақырған.
XS
SM
MD
LG