Accessibility links

Сауд Арабиясы Сириядағы елшісін кері шақырды


Абдолла ибн Абдел Азиз, Сауд Арабиясының королі.
Абдолла ибн Абдел Азиз, Сауд Арабиясының королі.
Жексенбі күні Сауд Арабиясының королі Абдолла ибн Абдел Азиз осы елдің Сириядағы елшісін кері шақырғанын мәлімдеді.

Ол Сирия билігінің шерушілерді аяусыз басып-жаныштауын қабыладуға келмейтін әрекет деді. Мұның алдында Араб елдері лигасы да Сирияны ресми түрде айыптады. Лига - араб елдері мен ұйымдары тарапынан Сирияны айыптаған алғашқы нысан.

Сирияда әскер танкілер мен зеңбіректердің көмегімен азаматтық қарсылық көрсеткен қалаларды қоршауын тоқтатар емес. Құқыққорғаушылардың айтуынша, өткен жексенбі күні елдің үш қаласында 59 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG