Accessibility links

Украина соты Тимошенконы қамаудан босатпады


Украинаның бұрынғы премьері Юлия Тимошенконы босатуды талап еткен шерушілер. 8 тамыз. 2011
Украинаның бұрынғы премьері Юлия Тимошенконы босатуды талап еткен шерушілер. 8 тамыз. 2011
Бүгін Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы полиция қамауынан босату туралы оның адвокаты берген өтінішті қабылдамады.

Киевтегі сот шешімі Тимошенконы қолдаушы мыңдаған адам сыртта шеру өткізіп жатқан тұста жарияланды.

Экс-премьер Юлия Тимошенкоға 2009 жылы Ресеймен газ келісімін жасағанда, билігін асыра пайдаланып, мемлекетке шығын әкелді деген айып тағылған.

Ол судьяны президент Виктор Януковичтің қуыршағы деп атап, сотта дұрыс жауап бермегені үшін жұма күні полиция қамауына алынған. АҚШ пен Ұлыбритания Тимошенконың қамауға алынғанын сынап, Украина билігін оны босатуға шақырған.
XS
SM
MD
LG