Accessibility links

Медведев Ресей-Грузия соғысының 3 жылдығында өз әскерін мадақтады


Ресей президенті Дмитрий Медведев Ресей-Грузия соғысының 3 жылдығын атап өтіп, осы қақтығысқа қатысқан әскерін аралады. Ол жасақтарды 2008 жылы тамыз соғысында аггрессияны тоқтатты деп мадақтады.

Бұл қақтығыс Грузия күштері Мәскеудің қолдауына ие жікшіл аймағы Оңтүстік Осетияға бақылауды қайта алмақ болғанда ушығып кеткен. Ресей өз әскерін аймаққа жолдап, Грузия жасақтарына тойтарыс берді.

Содан бері Ресей Грузияның екі жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия және Абахзиямен байланысын күшейтіп келеді. Мәскеу бұл аймақтарды тәуелсіз ел ретінде мойындады.

Бұл күні Грузия президенті Михаил Саакашвили Грузия соғысында қаза тапқан әскерлер жатқан зиратқа гүл шоқтарын қойды.
XS
SM
MD
LG