Accessibility links

Кувейт Сириядағы елшісін кері шақырып алды


Сирияның Дей әл-Зур қаласына кірген танкілер. 7 тамыз. 2011
Сирияның Дей әл-Зур қаласына кірген танкілер. 7 тамыз. 2011
Кувейт Сирия күштерінің билікке қарсы шерушілерді күшпен басып, қан төгіп жатқанына наразылық танытып, Дамаскідегі елшісін кері қайтарды. Кувейт сыртқы істер министрі Шейх Мохаммед әл-Сәлем әл-Сабақтың айтуынша, Сириядағы елші кеңесулер үшін кері шақырылды.Ол Сириядағы қантөгісті ешкім қабылдай алмайды деді.

Жексенбі күні Сауда Арабия елі де Сириядағы елшісін шақырып алып, Сирия президенті Башар әл-Ассадтың бес айға созылған наразылықтарды күшпен басып жатқанын айыптады.

Ассад режиміне қарсы наурыз айынан бері жалғасқан шерулерде 1700 адам қаза тапқаны айтылып отыр. Сирия әскері танкілер мен зеңбіректерді қолданып қалаларды қоршауға алып жатыр. Құқыққорғаушылардың айтуынша, өткен жексенбі күні елдің үш қаласында 59 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG