Accessibility links

Солтүстік Кавказдағы лаңкестікке қатысы бар күдікті Қырғызстанда ұсталды


Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі тарапынан іздестіріліп жатқан азамат Қырғызстанда ұсталды деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитеттің мәліметінше, Бішкек маңайындағы Лебединовка ауылында тұтқындалған 35 жастағы Ресей азаматына Солтүстік Кавказдағы "лаңкестік әрекеттерге қатысы бар" деген айып тағылған. Комитет өкілдері бүгін Бішкекте журналистердің алдында сөйлеген сөзінде әлгі азамат Шешенстанда туып, сол жерде полицияда жұмыс істеген деді.

Күдікті қазір Бішкектегі абақтыда отыр деп хабарланды. Оны Ресейге экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.
XS
SM
MD
LG