Accessibility links

Кэмерон елдегі тәртіпті қалпына келтіруге уәде етті


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон. Лондон, 10 тамыз 2011 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон. Лондон, 10 тамыз 2011 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон елде төрт түнге жалғасқан зорлық-зомбылық әрекеттерін тоқтатуға уәде етті.

Лондонда басталған тәртіпсіздік және тонау әрекеттері елдің басқа да қалаларына жетті. Бұл - Ұлыбританияда соңғы 30 жылда тіркелген ең ірі бүлік.

Бүгін теледидардан сөйлеген сөзінде Кэмерон елдегі тәртіпті қалпына келтіру үшін барлық қажетті шаралар қолға алынады деп мәлімдеді.

16 мың полиция қызметкері жіберілген Лондонда жағдай айтарлықтай тынышталды. Сәрсенбіге қараған түні тәртіпсіздік әрекеттері Манчестер мен Бирмингем қалаларында тіркелді.

Полицияның мәліметінше, Бирмингемдегі толқулар барысында үш адам қаза болған. Сенбіден бері Ұлыбританияда жүздеген адам қамауға алынды.

Ресми өкілдер елдегі бүлікті қылмыскерлермен байланыстырып отыр.
XS
SM
MD
LG