Accessibility links

АҚШ Башар әл-Асадтың биліктен кетуіне мүдделі екенін жариялады


АҚШ президенті Барак Обаманың баспасөз хатшысы Башар әл-Асадсыз Сирияны құп көретінін жариялады.

Джей Карнидің айтуынша, Ақ үй әл-Асадтың өз халқына істегеніне "қорқынышпен" қарайды. АҚШ өз азаматтарын қанға бөктіріп жатқан Сирияға қысымды ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Құқық қорғаушылардың айтуынша Сирияда наурыз айында толқу басталғаннан беріде 1700-ден астам қаза тапты. Бұл АҚШ-тың Сирияға қарсы санкция жариялаған жағдайында өріс алып отыр.
XS
SM
MD
LG