Адам құқықтары бойынша Freedom House («Фридом Хаус») ұйымы Қазақстандағы кәсіподақ заңгері Наталья Соколованың қамалуын айыптап, оны тез арада босатуға шақырды.
Дүйсенбі күні Ақтау қалалық соты «Қаражанбасмұнай» компаниясы мұнайшыларының белсендісі, кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырды.
АҚШ-тағы "Фридом Хаус" ұйымының мәлімдеуінше, Соколова мамыр айынан бері ереуілдеп жатқан мұнайшыларды қолдағаны үшін жазаланып отыр.
"Қазақстан Наталья Соколова сияқты оппозициялық тұлғалардың үнін өшіру үшін сотты пайдаланып отырғанына алаңдаулымыз", - дейді "Фридом Хаустың" еуразиялық бағдарламасының басшысы Сьюзан Корк.