Accessibility links

Сирия күштері Түркиямен шекаралас тағы бір қалаға кірді


Сирия картасы
Сирия картасы
Сириялық құқық қорғаушы белсенділердің айтуынша, осы елдің солтүстік-батысындағы Идлиб уәлаятындағы тағы бір қалаға танк пен әскер жіберілген.

Лондондағы сириялық адам құқықтарын бақылау ұйымының мәліметінше, бүгін үкімет күштері Түркиямен шекаралас Сарақеб қаласына басып кіріп, ондаған адамды қамауға алған. Қалада жарылыс пен атыс дауысы естілген.
Идлибте президент Башар әл-Асад режиміне қарсы наразылық шарасы өткен болатын.

Адам құқықтарын қорғаушы белсенділер мен БҰҰ-дағы дипломаттардың айтуынша, Сирияда наурыз айында үкіметке қарсы жалпы ұлттық наразылық шарасы басталғалы бері 2 мыңға жуық адам қаза болған.

Өткен аптада БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Сириядағы зорлық-зомбылықты тез арада тоқтатуға шақырды. БҰҰ бас хатшысының көмекшісі Оскар Фернандез-Таранко Сирияда наразылық танытушыларды басып-жаныштау әлі де жалғасып жатыр деді.
XS
SM
MD
LG