Accessibility links

Британ қалаларындағы құрбандар саны беске жетті. Бейсенбі күні кешке ауруханада дүйсенбіде Лондонның Илинг ауданындағы тәртіпсіздік кезінде басынан ауыр жараланған 68 жастағы Ричард Мэннингтон Боуз қаза тапты.

Сейсенбіде Бирмингемде өз меншігін қорғамақ болған үш адамды көлік қағып кетті. Лондонның Кройдон ауданында тағы бір оқ тиіп, қаза тапқан адамның мәйіті табылды.

Парламент алдында сөйлеген сөзінде премьер-министр Дэвид Кэмерон үкіметтің тәртіпсіздікпен күреске әскер тартуды қарастыратынын айтты. Айтуынша, толқудың саяси астары жоқ, тек бұзақылардың арандатуы болып табылады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG