Accessibility links

Бакуде демократия институтының кеңсесі қиратылды


Бакуде қиратылған ғимарат. 11 тамыз 2011 жыл.
Бакуде қиратылған ғимарат. 11 тамыз 2011 жыл.
Әзербайжан астанасында "Бейбітшілік пен демократия институты" үкіметтік емес ұйымының кеңсесі орналасқан ғимарат қиратылды. Бұл әрекет қаланы жаңарту жобасы аясында жүзеге асырылды деп хабарлайды Азаттық радиосының Әзербайжан қызметі.

Жергілікті тұрғындар мен ұйым қызметкерлері билік орындарының әрекетін айыптады. Баку қалалық кеңесінің өкілі бейсенбі күнгі бұл оқиғаға байланысты пікір білдіруден бас тартты.

Билік орындарының айтуынша, Шамси Бадалбайли көшесіндегі барлық ғимараттар қиратылып, оның орнына саябақ салынады. Бұл жобаға президент Илхам Алиевтің әйелі Мехрибан Алиева жетекшілік етеді.
XS
SM
MD
LG