Accessibility links

Латакия қаласында кемінде 10 сириялық қаза тапты


Латакиядағы билікке қарсы шерушілер.
Латакиядағы билікке қарсы шерушілер.
Сирия белсенділерінің айтуынша, жағалаудағы Латакия қаласындағы атыстан кемінде 10 адам қаза тапты.

Сирия күштері жағалаудан көшелерге оқ жаудырып, ауыр қаруланған үкіметтік жасақтар танкілерімен қаланы басып алған.

Оқиға орнынан адам құқын қорғаушылардың хабарлауынша, атыстар мен жарылыс дыбыстары сүнниттер басым тұратын жақта естіліп жатқан.

Бұл президент Башар әл-Ассад режиміне қарсы шерушілерге қарсы ең ауыр шабуылдардың бірі болып отыр.
XS
SM
MD
LG