Accessibility links

Ыстықкөлде соққыға жығылған қазақстандық қайтыс болды


Ыстықкөлде демалушы қазақстандықтар. Тамыз, 2010 жыл.
Ыстықкөлде демалушы қазақстандықтар. Тамыз, 2010 жыл.
Қырғызстанның Ыстықкөл демалыс орнында ауыр соққыға жығылған қазақстандық турист Ерлан Балмахаев көз жұмды. Бұл туралы Tengrinews.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Хабарларға қарағанда, Ерлан Балмахаев жексенбі күні Бішкектегі бір ауруханада жан тапсырған. Оған екінші қайтара операция жасап жатқанда, жүрегі тоқтап қалған.

Алматының 31 жастағы тұрғыны Ерлан Балмахаев Ыстықкөлге демалысқа барғанда белгісіз біреулердің шабуылына тап болған еді. Оның миына зақым келіп, комаға түскен.
XS
SM
MD
LG