Accessibility links

Ливия көтерілісшілері негізгі қалаларды басып алды


Әз-Зауия қаласына енген көтерілісшілер көлігі. 14 тамыз. 2011
Әз-Зауия қаласына енген көтерілісшілер көлігі. 14 тамыз. 2011
Ливия көтерілісшілері Триполи маңындағы екі бірдей қаланы өз бақылауларына алғандарын мәлімдеді. Көтерілісшілер өкілі өздерінің Триполидің батысындағы Сорман қаласы мен оңтүстігіндегі Гариян қаласын толық басып алғанын айтты.

Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи өз жақтастарын көтерілісшілер басып алған қалаларды азат етуге шақырды. Мемлекеттік телеарнадан таратылған Каддафидың аудио-үндеуінде ол елді "сатқындар мен НАТО-дан" да азат ету керегін айтқан.

Соңғы күндері көтерілісшілер соңғы 6 айдағы азаматтық соғыста біршама табысқа қол жеткізгені хабарланды.
XS
SM
MD
LG