Бүгін Қырғызстанда бірнеше жүздеген адам парламент алдына жиналып, өткен жылы Бакиев билігіне қарсы шеру кезінде әскерлерге халыққа оқ атуды бұйырған бұрынғы министрге қатысты депутаттардың шешіміне наразылық танытты.
Ашулы топ Ұлттық ассамблеяның алдын бөгеп, парламент үйіне кірмек болған кейбір депутаттарды тепкілеген.
Өткен аптада қырғыз парламенті Бакиевке қарсы шерушілерге оқ атты деп айыпталған бұрынғы қорғаныс министрі Вактыбек Калиевті қамау орнынан үйқамаққа ауыстыруды қолдап дауыс берген.
2010 жылдың 7 сәуіріндегі төңкеріс кезінде билікке қарсы шерушілердің 77-сі қаза тапқан.
Шерушілердің бүгінгі талабы - Калиевті қайтадан абақтыға жауып, жақында Бакиевке жақын ондаған судьяны тағайындаған депутаттар шешімін өзгерту болды.