Accessibility links

Тимошенконың сотында Ющенко куәгер ретінде жауап береді


"Біздің Украина" партиясының төрағасы Виктор Ющенко
"Біздің Украина" партиясының төрағасы Виктор Ющенко
Украинаның экс-президенті Виктор Ющенко бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконың сотына куәгер ретінде келді.

Тимошенкоға 2009 жылы Ресеймен арада газ мәселесіне қатысты келісім жасалған кезде "қызметін асыра пайдаланды" деген айып тағылған.

Егер ол айыпты деg танылса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тимошенко өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, оның саяси астары бар екенін айтады. Ол 2010 жылғы президент сайлауында қазіргі президент Виктор Януковичке қарсылас болған.

2004 жылғы "Қызғылт-сары төңкерісте" Ющенконың одақтасы болған Тимошенко Ющенко билігі кезінде екі рет премьер-министр қызметін атқарған. Ющенко мен Тимошенконың арасында келіспеушіліктер де болған.

Бүгінгі сот отырысына Тимошенко да қатысып отыр.
XS
SM
MD
LG