Accessibility links

Ақтауда Жанболат Мамай 10 тәулікке қамалды


"Рух пен тіл" жастар қозғалысының жетекшісі Жанболат Мамай
"Рух пен тіл" жастар қозғалысының жетекшісі Жанболат Мамай
Қоғамдық белсенді Жанболат Мамай Ақтау әкімшілік сотының шешімімен 10 тәулікке қамалды.

"Рух пен тіл" жастар қозғалысының жетекшісіне "полицияның талабына мойынсұнбады" деген айып тағылды. Бұл туралы Азаттық радиосына жастар белсендісі Инга Иманбаева хабарлады. Оның айтуынша, "заңсыз митинг өткізді" деген айып бойынша Жанболат Мамайға 10 айлық орташа жалақы көрсеткіші көлемінде айыппұл салынған.

Сейсенбіде ереуілдеген мұнайшыларды қолдауға барған қоғамдық белсенді Жанболат Мамайға қарсы әкімшілік іс қозғалды. Мамай ресейлік қоғам белсенділерінің бастамасымен мұнайшыларды қолдап, Мәскеудегі Қазақстан елшілігі алдында өткен митингке қатысқан болатын.
XS
SM
MD
LG