Accessibility links

Тәжікстан билік орындарының мәлімдеуінше, бүгін ауған есірткі тасымалдаушылары тәжік шекарашысын өлтірген.

Тәжік ресми өкілдерінің айтуынша, 25 жастағы капитан Рамзи Гуломов Хамадонидегі базаға бара жатқан кезде жолда жүк көлігін ұрламақшы болған екі ауған азаматын көрген. Әлгі азаматтар Гуломовқа шабуылдаған. Гуломов олардың бірінен қаруды тартып алып, есірткі тасымалдаушысын жаралаған кезде екінші ауған азаматы шекарашының өзін атып өлтірген, дейді тәжік ресми өкілдері.

Олардың айтуынша, әлі Тәжікстанда жүрген екі ауған азаматы іздестіріліп жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG