Accessibility links

"Булгария" кемесінің апатына қатысты шенеуніктер қамалды


"Булгария" кемесінің су түбінен шығарылғандағы көрінісі. 24 шілде 2011 жыл.
"Булгария" кемесінің су түбінен шығарылғандағы көрінісі. 24 шілде 2011 жыл.
Қазанда "Булгария" кемесінің апатына қатысты екі жоғары шенді шенеунік қамауға алынды.

Ресей көлік бақылау мекемесі Қазан бөлімінің бастығы Ирек Тимергазеев пен осы бөлімнің бас мемлекеттік инспекторы Владислав Семенов немқұрайдылыққа жол бергені үшін айыпталып отыр. Тергеу барысында осы шенеуніктердің жалға алған компанияға кемені пайдалануға рұқсат бергені анықталған.

Кемені жалға алған компания басшысы Светлана Инякина мен Ресей өзен регистрінің маманы Яков Ивашовтың бұдан бұрын қамалған еді.

Шілденің 10-ында Еділде суға кеткен "Булгария" кемесінде 122 адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG