Батыс Қазақстанда ереуілдеп жатқан мұнайшылар мен олардың сотталған белсендісі Наталья Соколованы қолдап, митинг өткізген екі қоғамдық белсенді бес тәулікке қамалды. Алматы әкімшілік соты Арман Ожаубаев пен Дмитрий Тихоновқа қатысты осындай шешім шығарды.
Оларға "бейбіт шеру, жиын, шара өткізу тәртібі жөніндегі заңды бұзды" деген айып тағылған. Бұл белсенділермен бірге мұнайшыларды қолдау шарасын өткізген Жанна Байтеловаға қатысты сот оның қаладан шығып кетуіне байланысты кейінге қалған.
Сәрсенбі күні бұл үш белсенді Алматыдағы "Нұр Отан" партиясының филиалы алдында "Наталья Соколова босатылсын", "Мұнайшылар Қытайдың құлдары емес" деген жазуы бар плакаттар көтеріп шыққан соң ұсталған.