Accessibility links

Жапондар үйінді астынан тапқан ақшаларын полицияға тапсырып жатыр


Жапондар наурыз айындағы зілзала мен цунамиден зардап шеккен аймақтардағы үйінділер астынан табылған 3,7 миллиардтай иенді (48 миллион АҚШ доллары) полицияға апарып берген.

Билік орындарының айтуынша, сонымен қатар 5 700 сейф табылған, олардың ішінде 2,36 миллиард иен көлемінде ақша болған. Жергілікті тұрғындар тапқан ақшаларын өз еріктерімен полицияға тапсырыпты. Полицияның баспасөз хатшысы «бұл - таң қаларлық жайт емес, Жапонияда табиғи нәрсе» дейді.

Наурыздың 11-індегі табиғи апаттан Жапонияда кемінде 16 мың адам қаза болып, жүз мыңдаған адам үй-күйсіз қалды.
XS
SM
MD
LG