Accessibility links

НАТО Ливияда билікті бейбіт алмастыруға шақырды


Триполиді басып алған Ливия көтерілісшілерін қолдаушылар.22 тамыз. 2011
Триполиді басып алған Ливия көтерілісшілерін қолдаушылар.22 тамыз. 2011
НАТО хатшысы Андерс Фог Расмуссен Ливия көтерілісшілері ел астанасы Триполиге бақылауды алып, Муаммар Каддафи режимін құлатуға жақын қалған тұста, елдегі билікті бейбіт түрде ауыстыруға шақырды.

Бұл туралы Брюссельден мәлімдеген Расмуссен альянс ливиялықтармен бірге жұмыс істеуге дайын болды деді:

"Енді жаңа Ливияның құратын кез келді. Мемлекет азаттық, қауіптен ада, диктаторы жоқ демократиялық ел негізінде болуы керек. Биліктің ауысуы бейбіт түрде болуы керек. Ол дәл қазір болуы тиіс. Ол Ливия халқының бастауымен анықталуы керек".

Муаммар Каддафидің қазір қайда екені әзірге белгісіз. Ал оның балалары қамауға алынды деп хабарланды. Триполи орталығында халық көтерілісшілермен бірге жеңістерін тойлап жатыр.
XS
SM
MD
LG