Accessibility links

Иран уран центрифугасын жерасты бункерге орналастырып жатыр


Иран елдің Натанз қаласындағы ядролық отынды қорытатын жабдықтарын Қом қаласындағы жерасты бункеріне ауыстырып жатқанын айтты.

Бұл туралы Иранның вице-президенті әрі Атом энергиясы ұйымының басшысы Фрейдон Аббаси Давани мәлімдеп, мамандар Қом қаласы маңында центрифугаларға жаңа орындар дайындап жатыр деді.

Тегеран халықаралық қауымдастықтың уран байыту жұмыстарын тоқтатуға шақырған үндеулерін қабылдамай келеді. Батыс елдері Иран ядролық қару жасап жатыр деп қауіптенеді.
XS
SM
MD
LG