Accessibility links

Триполиде Муаммар Каддафи резиденциясы маңында қатты атыс жүріп жатыр. Әзірге Каддафидің қайда екені белгісіз.

Би-би-си тілшісі үкімет күштері ұстап тұрған қонақ үйден Каддафидің ұлы Сейф ул-Исламды көргенін хабарлады. Бұдан бұрын оның тұтқындалғаны туралы хабар тараған еді.

Ливия оппозициясы қазір Триполидің 90 пайызы мен елдің басым бөлігін өз бақылауына алғанын мәлімдеді. Көтерілісшілердің өтпелі ұлттық кеңесінің басшысы Мұстафа Абдул Жәлил "Каддафиді ұстағанда ғана толықтай жеңіс жөнінде айтуға болады" дейді.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Каддафи жақтастарын қаруды тастап, билікті бейбіт түрде табыс етуге шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG