Accessibility links

Мұнайшылар ереуілін қолдап қамалғандар босатылды


Aрман Ожаубаевты полицияның ұстағалы жатқан кезі. Алматы. 17 тамыз 2011.
Aрман Ожаубаевты полицияның ұстағалы жатқан кезі. Алматы. 17 тамыз 2011.
Алматыда Маңғыстаудағы мұнайшылар ереуілі мен олардың сотталған кәсіподақ белсендісі Наталья Соколованы қолдап акция өткізіп, бес күнге қамалған белсенділер сейсенбі күні бостандыққа шықты.

Босап шыққан Дмитрий Тихонов қамауда ұстаудың жағдайы ауыр, қатынастың қиын екенін айтты.

Арман Ожаубаев, Дмитрий Тихонов және Жанна Байтелова тамыздың 17-інде "Нұр Отан" партиясының Алматыдағы өкілдігі алдында өткен акцияда "Наталья Соколоваға - бостандық!", "Мұнайшылар Қытайдың құлы емес" деген ұрандар алып шыққан еді.

Акцияға шыққандар сол жерде қамауға алынды. Алматы әкімшілік соты Ожаубаев пен Тихоновты бейбіт жиын өткізу жөніндегі заңды бұзды деп тауып, бес тәулікке қамады. Байтелованың соты оның қалада болмауына байланысты кейінге қалды.
XS
SM
MD
LG