Accessibility links

Меркель Косовоға қатысты Сербия басшыларымен келіссөз өткізіп жатыр


Германия канцлері Ангела Меркель Сербия президенті Борис Тадичпен кездесуі барысында. Белград, 23 тамыз 2011 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель Сербия президенті Борис Тадичпен кездесуі барысында. Белград, 23 тамыз 2011 жыл.
Германия канцлері Ангела Меркель Сербия билігін Косовомен арадағы дауын шешуге шақыру үшін бүгін Белградқа барды. Меркель Сербия президенті Борис Тадичпен кездесіп жатыр.

Меркельдің айтуынша, Сербия Еуропа Одағына мүше болуы үшін 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған бұрынғы провинциясымен қарым-қатынастарын қалпына келтіруі тиіс.

Қыркүйектің 2-сінде Белград пен Приштина арасындағы келіссөздер қайта басталады. Оған Еуропа Одағы арағайындық жасайды.
XS
SM
MD
LG