Accessibility links

Каддафи резиденциясынан айрылғанын "тактикалық маневр" деп атады


Көтерілісшілер Каддафи резиденциясында оның мүсінін тепкілеп жатыр. Триполи. 23 тамыз 2011 жыл.
Көтерілісшілер Каддафи резиденциясында оның мүсінін тепкілеп жатыр. Триполи. 23 тамыз 2011 жыл.
Муаммар Каддафи Триполидегі өзінің "Баб ул-Әзизия" резиденциясының көтерілісшілерге берілуін "тактикалық маневр" деп атады.

Оның бұл мәлімдемесі резиденция оппозиция жақтаушыларының қолына өткен соң бір күннен кейін Arabic Al-Orouba TV арқылы таратылды.

Каддафидің жақтаушылары оның "Ливия вулкан мен лаваға, отқа айналып кетсе де" ай бойы, тіпті жыл бойы қарсыласуға дайын екенін айтады.

Әзірге оның қайда жүргені белгісіз. Оған қарасты әскер Триполидің кейбір аудандарын бақылаудан шығара қойған жоқ.

Көтерілісшілердің айтуынша, шайқас барысында 400-ден аса адам қаза тапқан. Алдағы күндердің бірінде өтпелі ұлттық кеңес штабы Бенгазиден Триполиге ауыстырылады.
XS
SM
MD
LG