Accessibility links

Орал соты: өзбек азаматы Носиров тағы 2 ай қамауда болады


Қазақстанда ұсталған өзбек азаматы Собиржон Носиров
Қазақстанда ұсталған өзбек азаматы Собиржон Носиров
Бүгін Орал қалалық соты тергеу изоляторында жатқан өзбек азаматы Собиржон Носировты тағы екі ай мерзімге қамауда ұстау туралы шешім шығарды. Бұл туралы Азаттық радиосына Носировтың адвокаты Ярослав Равдель хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, Өзбекстанда Носировқа «аса ауыр қылмыс жасады» деген айып тағылған. 2005 жылдан бері Ресейде тұрып келген Носиров осыдан бір ай бұрын Қазақстан шекарасында ұсталған болатын. Ол Өзбекстанға экстрадициялануы мүмкін.

Қазақстан маусымның 9-ында отыз шақты өзбек босқынын Өзбекстанға экстрадициялаған болатын. Өткен жылы да төрт босқын Өзбекстанға қайтарылған еді.
XS
SM
MD
LG