Accessibility links

Алтайға "Прогресс" зымыраны құлады


Байқоңыр ғарыш айлағы.
Байқоңыр ғарыш айлағы.
Ресей Федерациясындағы Алтай республикасында төтенше жағдай енгізіліп, қайта алынып тасталды. Республика аумағына ұшу кезінде апатқа ұшырған жүк таситын "Прогресс" зымыранының сынықтары құлаған болатын.

Алтай республикасының басшысы Александр Бердников зымыран сынықтарының тұрғыны аз жерге құлағанын, сондықтан алаңдауға негіз жоқ екенін айтқан.

Бірақ зымыран құлаған маңда орман қызметкерлерінің және жеміс терушілердің болғандығы хабарланды.

"Роскосмос" мекемесінің хабарламасында сәрсенбі күні Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған "Прогресс" зымыраны зымыран тасығыш қозғалтқышының істен шығуына байланысты тиісті орбитаға көтеріле алмағандығы айтылған.

Зымыран Халықаралық ғарыш станциясына үш тоннадан астам жүкті жеткізу керек болатын.
XS
SM
MD
LG