Accessibility links

Еуропа Одағы Иранға қарсы санкция жариялады


Иран ислам революциясы сақшылары корпусының белгісі.
Иран ислам революциясы сақшылары корпусының белгісі.
Сәрсенбі күні Еуропа Одағы Иран ислам революциясы сақшылары корпусы өкілдеріне қарсы санкция жариялады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл корпус мүшелері Сирияға қару тасып, Башар әл-Асад режиміне қолдау көрсеткен. Сирия әскерінің бес айдан бері бейбіт шеруге шыққандарды басып-жаныштап жатқаны белгілі.

Санкцияға Сирия әскерінің бірнеше генералдары да қамтылды. Әл-Асадтың інісі басқаратын әскер құрамындағы басшылар шеруге шыққандарға қарсы әрекет қылған.

Осылайша, Сириядағы жағдайға орай Еуроодақтың санкциясына іліккендердің саны 50-ге жетті. Сондай-ақ 9 заңды тұлғаға да санкция жарияланған.
XS
SM
MD
LG