Accessibility links

Астана мен Сеул миллиардтаған долларлық келісімдерге қол қойды


Оңтүстік Корея президенті Ли Мён Бактың Қазақстанға сапары барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық туралы бірнеше келісімге қол қойылды.

Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Оңтүстік Корея жетекшісі Ли Мён Бактың кездесуінен кейін екі жақ Балқаш жылу электр станциясына техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісім мен Атырау облысында газ химиялық кешені құрылысын қаржыландыру туралы меморандумға қол қойған. Бұл екі ірі жобаның жалпы құны 8 миллиард доллар деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

2009 жылы аталмыш жобалар үшін жүргізілген тендерлерге Оңтүстік Корея компаниялары - Samsung пен Korea Electric Power Corporation қол жеткізген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG