Accessibility links

«Қазғарыш» басшысы зымыран апатының Қазақстанға зиян келтірмегенін айтты


"Прогресс" зымыраны ұшудың бастапқы кезеңінде. Байқоңыр. 24 тамыз 2011 жыл.
"Прогресс" зымыраны ұшудың бастапқы кезеңінде. Байқоңыр. 24 тамыз 2011 жыл.
«Қазғарыш» агенттігінің басшысы Талғат Мұсабаев «Прогресс» зымыранының апаты Қазақстанға ешқандай зиян келтірген жоқ» деп мәлімдеді.

«Қазақстан жаңалықтары» агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні ол зымыран қалдығының Қазақстан жеріне құлау мүмкіндігін де жоққа шығарды. .

Мұсабаев зымыран қозғалтқышының ұшудың үшінші кезеңінің 325 секундында өшіп қалғанын, бұл кезде зымыранның Қазақстан аумағынан шығып кеткенін айтты.

«Қазғарыш» басшысы апат себебін тексеруге қазақстандық мамандар «өз біліктілігі деңгейінде» ат салысып жатыр деді. Мұсабаев апатқа байланысты Қазақстан Байқоңырдан ресейлік зымырандардың ұшуына тыйым салмайтындығын атап көрсетті.

Тамыздың 24-інде Байқоңырдан «Союз-У» зымыран тасығышы жүк таситын «Прогресс М-12М» зымыранын алып ұшқан еді. Алайда ұшудың үшінші кезеңінде апат болды. Зымыран қалдығы Ресейдің Таулы Алтай аймағына құлады. Тексеру жүріп жатыр. Құрбан болғандар мен басқа да зардаптар жөнінде әзір хабарланбады.
XS
SM
MD
LG