Accessibility links

Түркіменстанда мыңдаған тұтқынға рақымшылық жасалды


Түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов
Түркіменстан 3700-ден астам тұтқынға рақымшылық жасады. Бүгін түрмеден босатылғандардың арасында отызға жуық шетел азаматы бар.

Теледидар арқылы амнистия жариялаған түркімен президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов "Түркіменстанда біз өз айыптары мен адасқанын мойындап, шын жүректен өкінген азаматтарымыз бен шетелдіктерге жүйелі түрде рақымшылық жасаймыз" деп мәлімдеді.

Бұл жолғы амнистия мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының аяқталуының алдында жарияланып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG