Accessibility links

Ауғанстанда жанкештілік шабуылдан бірнеше адам опат болды


Ауғанстан картасы
Ауғанстан картасы
Ауғанстанның оңтүстігіндегі Хелманд уәлаятында жанкештілік жарылыс болып, кемінде төрт адам қаза тапты.

Ресми өкілдердің айтуынша, сенбі күнгі бұл шабуылдан сонымен қатар 21 адам жарақат алған. Хелманд полициясы басшысының орынбасары Камал-у-Дин Шерзайдың мәлімдеуінше, уәлаят астанасы Лашкар Гахтағы банк алдында жанкешті көлігін жарып жіберген, дәл сол кезде полиция қызметкерлері жалақыларын алу үшін жиналған екен.

Бұл шабуылға байланысты жауапкершілікті "Талибан" қозғалысы өз мойнына алды.

Ауғанстанда "Талибан" мен тағы басқа бүлікшілер үкімет қызметкерлерін жиі нысанаға алады.
XS
SM
MD
LG