Ливия астанасынан түскен хабарларға қарағанда, елді ұзақ басқарған Муаммар Каддафи кеткеннен бері Триполиде гуманитарлық дағдарыс күшейе бастаған.
Хабарларда қалада дәрі-дәрмек, жанармай, азық-түлік және электр қуаты жетпей жатқаны айтылып отыр. Сонымен қоса бір апта бұрынғы Ливия астанасы үшін күресте қаза тапқан адамдардың мәйіті табылған. Каддафи күштерінің әскери базасы жанынан 50 адамның денесі табылды.
Каддафиді құлатқан оппозициялық күштер егер Каддафи жақтастары келіссөзге көнбесе, Триполи маңындағы Сирте қаласына шабуылдауға дайындалып жатқанын айтты. Каддафидің қайда екені әзірге белгісіз.