Accessibility links

Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл


Совет одағының алғашқы ядролық сынағы. Семей аймағы. 29 тамыз. 1949 жыл.
Совет одағының алғашқы ядролық сынағы. Семей аймағы. 29 тамыз. 1949 жыл.
Тамыздың 29-да Қазақстан ядролық сынақ полигонының жабылғанына 20 жыл толғанын атап өтуде. Совет одағының Семипалатинск ядролық полигонында 1949 жылдан бастап жүргізген ядролық сынақтары 1991 жылы жабылған болатын.

40 жылға созылған осындай сынақтар барысында 470 ядролық жарылыс жасалды. Қазақстан жеріндегі жүздеген жарылысқа ұласқан бұл сынақтардың салдары аймақта тұратын адамдарға үлкен қасірет әкелді.

Совет билігі полигон аймағындағы халықты басқа жаққа көшірмеген. Мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көптеген сәбилер дүниеге мүгедек болып келген.
XS
SM
MD
LG