Қырғызстанда үкіметті құлатпақ болды деген айыппен 4 жылға сотталған «Мекен ту» партиясының жетекшісі Урмат Барыктабасов төрт айдан кейін бостандыққа шықты.
Бұл туралы оның адвокатына сілтеме жасап, Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлап отыр. Барыктабасов 14 жақтасымен бірге сәуір айында заңсыз қару иеленді және билікті басып алмақ болды деген айыппен 4 жылға сотталған болатын.
Ол осыдан алты жыл бұрын Қырғызстанның солтүстігінен Бішкекке наразылық шеруін бастап, өзін премьер-министр етіп тағайындау сияқты бірнеше талаптарын алға тартқан.
2005 жылы маусым айында билікті басып алмақ болды деген айыппен сырттай сотталған соң, Барыктабасов өткен жылға дейін тығылып жүрген. Оның адвокатының айтуынша, ол абақтыдан соңғы жарияланған рахымшылыққа ілініп шығып отыр.