Accessibility links

Каддафидің әйелі мен балалары Алжирге қашып кетті


Муаммар Каддафидің әйелі мен үш баласы Алжирге қашып кетті. Алжир сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, олар Ливиядан тамыздың 29-ында жеңіл көлікпен келген.

Ұлттық өтпелі кеңестің баспасөз хатшысы Ливия Каддафидің әйелі мен балаларының экстрадициялануын талап ететін болады деп хабарлады.

Көтерілісшілердің айтуынша, Каддафидің ұлы Хамис тамыздың 27-сінде Триполи маңайындағы шайқастарда өлтірілген. Муаммар Каддафидің қайда екені - белгісіз.

Көтерілісшілер Каддафиді өлтіретін немесе ұстайтын адамға 1,3 миллион доллар көлемінде сыйақы беруге уәде етті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG