Жапония парламенті бұрынғы қаржы министрі Йосихико Ноданы елдің жаңа премьер-министрі етіп сайлады. Ол соңғы бес жылда Жапонияда сайланған алтыншы үкімет басшысы.
Бүгін Жапония парламентінің қос палатасы Ноданың кандидатурасын мақұлдады. Дүйсенбі күні биліктегі Жапония демократиялық партиясы Йосихико Ноданы өзінің жетекшісі етіп таңдаған болатын.
Бұрынғы премьер-министр Наото Кан бүгін ресми түрде қызметінен кетті.
Жапония көктемдегі зілзала мен цунамиден кейін қалыптасқан ядролық дағдарыс мәселесін және бірқатар экономикалық проблемаларды шешуі тиіс.