Бүгін Қазақстан билік орындары Атырауда экстремист деген күдікпен бір адамды өлтіргендерін мәлімдеді деп хабарлады "Франц-пресс" ақпарат агенттігі.
Аты-жөні жарияланбаған бұл азамат Атырау облысы мен Қазақстанның басқа да аумағында лаңкестік әрекетті жоспарлаған содырлар тобының мүшесі болған делінеді. "Қамауға алу әрекеті барысында топтың қарсылық көрсеткен бір мүшесінің көзі жойылды", - деді Атырау прокуратурасының ресми өкілі Светлана Жұмашева.
1989 жылдан бері президент Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік етіп келе жатқан Қазақстанда толқулар жиі бола бермейді. Алайда соңғы айларда елде бірқатар жарылыс пен атыстар тіркелген болатын.
Мамыр айында Рахымжан Махатов есімді азамат Ақтөбе облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті ғимаратында өзін-өзі жарып жіберген еді. Сонымен қатар шілде айында Ақтөбе облысында белгісіз адамдар бірнеше полиция қызметкерін өлтірген болатын.