Accessibility links

Ішкі істер министрлігі: «Жаңаөзендегі қыздың өлімі тек қылмыстық сипаттағы іс»


"Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшылар және олардың отбасылары. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
"Тәуелсіздік" алаңына жиналған мұнайшылар және олардың отбасылары. Жаңаөзен қаласы, 10 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстан ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысы Жаңаөзен кентінің тұрғыны Жансәуле Қарабалаеваның өлімі марқұмның әкесінің іс-әрекетімен байланысты емес деп санайды. Бүгін Астанада баспасөз мәслихатында ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораздың осылай деп мәлімдегені туралы «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі хабарлады.

- Біз бұл қылмыстық істі Жаңаөзен қызметкерінің жұмысымен байланыстырмаймыз. Бұл тек қылмыстық негізде жасалған іс, - деген Нұрділда Ораз.

Жаңаөзендегі «Өзенмұнайгаз» компаниясында жұмыс істейтін кәсіподақ белсендісі Құдайберген Қарабалаевтың қызы 18 жастағы Жансәуле Қарабалаева тамыздың 19-ы күні жоғалып кетіп, үш күннен кейін қыздың жансыз денесі қала сыртынан табылғаны туралы Азаттық радиосы хабарлаған.

Маңғыстау облысында бірқатар мұнай компаниялары жұмысшыларының ереуілдеп жатқанына үш айдан астам уақыт өтті. Олар жалақыларын өсіруді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG