Accessibility links

Журналист Әлима Әбдірова өзіне қарсы сотта ақталып шықты


Ақтөбедегі адам құқын қорғаушы белсенді, журналист Әлима Әбдірова. 31 тамыз. 2011
Ақтөбедегі адам құқын қорғаушы белсенді, журналист Әлима Әбдірова. 31 тамыз. 2011
Азаттықтың Ақтөбедегі тілшісі, "Ару-Ана" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлима Әбдірованың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысы аяқталды.

Судья Мақсат Дүйсен Әбдіроваға тағылған айыптар нақтыланбағандықтан, толығымен ақтап шығарғаны жайлы ақпаратты Әлима Әбдірованың өзі растады.

Шағым беруші Жайсаң мектеп-интернатының бұрынғы директоры Ирина Домбровская Әлима Әбдірованы жергілікті «Ақтөбе таймс» газетінде шыққан «Интернатта балалардың мазақталғаны туралы фактілер бар» деген мақалада «ар-намысыма тиді, беделіме нұқсан келтірді» деп айыптаған болатын.

27 тамыздағы сотта алған соңғы сөзінде Әлима Әбдірова өзіне тағылған айыпты толығымен мойындамайтынын, бар «кінәсі» Жайсаң интернатында болып жатқан заңсыздықтарды қоғамға жеткізу болғанын айтып өткен соң, судья үкім шығаруды сәрсенбіге қалдырған еді.
XS
SM
MD
LG