Қытай қауіпсіздік күштері Шыңжаңда "тұрғындарға қауіп төндіретін бірнеше қатердің алдын алғаны" туралы бүгін Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы басшыларының бірі Жу Хайлунь мәлімдеді.
Оның айтуынша, "террористер, жікшілдер мен діни экстремистер аймақ орталығы Үрімжі қаласында бүгін ашылатын Ортаазиялық сауда жәрмеңкесінің шырқын бұзуды жоспарлаған". Өз сөзіне дәлел ретінде қытай шенеунігі жалғыз ғана дерек келтірді: осы жақында Үрімжі әуежайынан ұшқалы тұрған ұшаққа жолаушылардың бірі пышақ алып өтпек болғанда ұсталған.
Тамыздың ортасында Шыңжаңда қытай қауіпсіздік күштері тәртіпті нығайтуға бағытталған екі айлық шаралар бастаған еді.