Бүгін Франция астанасында Ливияның болашағына арналған халықаралық конференция басталады.
Париждегі жиынға БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун, халықаралық ұйымдар мен әлемнің 60 жуық мемлекетінің өкілдері, ал Ливияның атынан көтерілісшілер құрған Ұлттық өтпелі кеңес мүшелері қатыспақшы.
Халықаралық конференцияның басты тақырыбы - Муамар Каддафи режимі құлаған соң Ливияға халықаралық қауымдастық тарапынан жәрдем беру туралы болмақ. Сонымен бірге, шетелдік банктердегі Ливияға тиесілі қаржы-мүліктер жайы да сөз болады.