Accessibility links

АҚШ үкіметі оннан аса ірі банкке қарсы талап-арыз бермек


Америка банкі. (Көрнекі сурет)
Америка банкі. (Көрнекі сурет)
АҚШ-та тұрғын үй нарығын бақылайтын үкіметтік мекеменің елдегі оннан аса ірі банкке қарсы талап-арыз беруге әзірленіп жатқаны туралы «Нью-Йорк Таймс» газеті хабарлады.

Мемлекеттік мекеме ол банктер ипотека нарығында сұраныс шырқап тұрғанда азаматтардың ипотекалық міндеттемесін сатып алып, инвесторларға құнды қағаз ретінде қайта сатқан кезде борышкерлерден кірісін растайтын құжаттар талап етпеген деген айып тағып отыр. Үкімет ондаған миллиард доллар өтемақы өндіріп алмақшы болып отырған банктер арасында Америка банкі, Дойче банк, Джей Пи Морган Чейс сияқты ірі қаржы ұйымдары бар.

Бұған дейін 2008 жылдың соңында болған әлемдік дағдарыс кезінде АҚШ тұрғын үй нарығында бағаның құлдырауынан Фанни Мэй және Фредди Мак ипотекалық компаниялары 30 миллиард доллардан астам зиян шеккен еді. Оған түрткі болған себептердің бірі ретінде ипотекалық міндеттемелері бар құнды қағаздарды сатып алу айтылады.
XS
SM
MD
LG