Еуропа одағына мүше елдердің сыртқы істер министрлері бүгін Польшада
Сирияға қарсы жаңадан экономикалық санкциялар енгізу мәселесін талқылайды. Соның ішінде Сирияға мұнай эмбаргосын жариялау мәселесі де сөз болмақ.
Осының қарсаңында АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон еуропалық елдерді Сирия президенті Башар Асадты биліктен кетуге мәжбүр ету үшін оған қысымды күшейтуге шақырған еді.
Бейсенбі күні Сирияда әскерилер мен қауіпсіздік күштерінің іс-әрекетінен кемінде бес адам мерт болғаны хабарланып отыр. Адам құқығын қорғаушылардың деректері бойынша, Сирияда үкіметке қарсы наурыз айынан бері жалғасып келе жатқан наразылық шараларын күшпен басу барысында 2 мыңнан аса адам қаза тапқан.