Ақтау қаласында «Халық майданы» қозғалысының екі белсендісін ұрып кеткені туралы Азаттық радиосына зардап шеккендердің бірі Азамат Жақсығалиев хабарлады.
Оның айтуынша, қыркүйектің 1-і күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00 шамасында темекі тартуға шыққан Азамат Жақсығалиев пен Марлан Есілбаевқа біреулер тап беріп, ұрып-соғып кеткен.
Дәрігерлер Азамат Жақсығалиевтың миы шайқалып, Марлан Есілбаев бас сүйегі мен миынан жарақат алғанын анықтаған деп хабарлады «Халық майданы» белсендісі Асқар Шайғұмаров. Ол оқыс оқиға болған кезде кеңседе болғанын айтады.
Бүгін Азамат Жақсығалиев пен Марлан Есілбаев полиция мекемесінде болып, кешегі оқиға жайында түсіндірме берген.