Accessibility links

Үкіметтік емес ұйымдар Наталья Соколованы босатуға шақырды


«Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколова. Сурет Ольга Ярославскаядан алынды.
«Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколова. Сурет Ольга Ярославскаядан алынды.
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары президент Нұрсұлтан Назарбаевтан «Қаражанбасмұнай» компаниясы кәсіподағының заңгері Наталья Соколоваға қатысты әділдікке қол жеткізуді сұрайды деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" ақпарат агенттігі.

Тамыз айында Ақтау қалалық соты «Қаражанбасмұнай» компаниясы мұнайшыларының белсендісі, кәсіподақ заңгері Наталья Соколованы «әлеуметтік жанжал тудырды» деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын.

Үкіметтік емес ұйымдардың бүгінгі мәлімдемесінде Наталья Соколова ереуілдеп жатқан мұнайшылардың мүддесін қорғау арқылы "жәй ғана өзінің қызметтік міндеттерін орындаған" делінген.

Маңғыстау облысында мамыр айынан бері ереуілдеп жатқан "Қаражанбасмұнай" және "Өзенмұнайгаз" компанияларының жұмысшылары жалақыларын көбейтуді және еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп жатыр.
XS
SM
MD
LG