Accessibility links

Еурокомиссия басшысы рецессия қаупін жоққа шығарды


Еуропа комиссиясының басшысы Хосе Мануэль Баррозу, Брюссель, 21 шілде 2011 ж.
Еуропа комиссиясының басшысы Хосе Мануэль Баррозу, Брюссель, 21 шілде 2011 ж.
Еуропа комиссиясының басшысы Хосе Мануэль Баррозу Еуропа одағы аймағы тағы бір рецессияны басынан өткереді деген болжамды жоққа шығарды. Бұл туралы ол бүгін Австралия астанасы Канберраға сапары кезінде айтты.

Еуропа экономикасы баяу көтеріле береді, ал еуро ақшасы қазір тұрақты қалыпта деп мәлімдеді Баррозу.

Бұған дейін 2011 жылдың екінші тоқсанының нәтижесі бойынша экономикалық көрсеткіштердің төмен болып шығуы Еуропа одағы елдерінде тағы бір рецессия болу қаупі бар деген болжам туғызған еді.
XS
SM
MD
LG